БҰҰ-дың бюджетін бір түрік басқарады

Джихан Терзи БҰҰ Атқару және бюджет кеңесу комитетінің басшылығына сайланды.

1115334
БҰҰ-дың бюджетін бір түрік басқарады

БҰҰ-дың 10 миллиард долларлық бюджетін бір түрік басқарады.

Джихан Терзи БҰҰ Атқару және бюджет кеңесу комитетінің басшылығына сайланды.

БҰҰ Бас ассамблеясы тарапынан 2017 жылы Атқару және бюджет комитетіне мүше болып тағайындалған Терзи 1 жыл осы міндетті атқарғаннан кейін комитет басшылығына сайланды.

2019 жылдың 1 қаңтар күні жаңа міндетін бастайтын Терзи БҰҰ-дағы ең жоғарғы міндеттердің бірі комитет мүшелігі және төрағалығына сайланған алғашқы түрік болды.

БҰҰ Бас ассамблеясына қарасты жұмыс істейтін комитеттің 16 мүшесі бар. БҰҰ-дағы барлық бюджет, әкімшілік және қаржы шешімдері,  басқару реформалары мен қызметкер қабылдау істері осы комитеттен өтеді.



Ұқсас жаңалықтар