Түркия бас консулдық ашқысы келеді

Түркия Ирактың Киркук және Неджеф қалаларында бас консулдық ашуды жоспарлайды.

1111313
Түркия бас консулдық ашқысы келеді

Түркияның Ирактағы өкілетті және төтенші елшісі Фатих Йылдыз Ирактың Киркук және Неджеф қалаларында бас консулдық ашылуды Ирак органдарынан ресми талап еткендерін білдірді.

Өкілетті елші Ирактың басқа қалалары секілді Киркук пен Неджефтің де Түркия тұрғысынан маңызды екеніне назар аударып: «Көп уақыттан бері жоспарланған қадамды басып,  Киркук пен Неджефте бас консулдық ашу үшін ресми сұранысымызды бердік.  Осы тақырып алдынғы жылдарда да екі жақты қатынастардың күн тәртібінде болатын» деді.

Киркукке соңғы айларда екі рет барғанын еске салған өкілетті елші: «Менімен кездескен баршаның Түркияның бас консулдық ашу тілегі жеткізілді. Бас консулдық Киркукте барша үшін қажетті және Түркияның экономикалық, инфрақұрылымдық, сауда және басқа да саладағы инвестициялары үйлестірілетін бір өкілдік болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар