Қорғаныс министрі кешегі әуе операциясы жайлы мәлімдеме жасады

Ирактың солтүстігіне бағытталған кеше кешкі уақыттағы әуе операциясы аясында 30-дан астам нысана жойылды.

1106960
Қорғаныс министрі кешегі әуе операциясы жайлы мәлімдеме жасады
akar k.irak harekat1.jpg
akar k.irak harekat.jpg

Ирактың солтүстігіне бағытталған кеше кешкі уақыттағы әуе операциясы аясында 30-дан астам нысана жойылды. Караджак тауы алғаш рет бомбаланды.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік қарулы күштерінің қолбасшыларымен Евфрат өзені шығысындағы террористтер шыққан Синджар мен Караджак тауларына жасалған операцияны Әуе күштері орталығынан қадағалады.

Операцияда 20-дан астам соғыс ұшағына қоса ұшқышсыз әуе көліктері мен танкер ұшақтарда міндет атқарды.

Акар соғыс ұшақтарының 30-дан астам нысананы жойғаны, Караджак тауы аймағының алғаш рет бомбаланғанын атап табысты өткен әуе операцияның артынан операцияға қатысқандарды құттықтады.

Өте табысты бір операция болғанын тілге тиек еткен Акар «Осы міндет табыспен орындалды. Бұдан кейінгі тапсырмалар үшін бірдей дисциплина және шынайылықпен дайындаламыз» деді.

Операцияда көптеген террористің залалсыздандырылғаны білдірілді.

Террористтер база ретінде қолданған Синджар мен Караджак тауы аймақтарына жасалған операция әрі мағынасы, әрі жоспарлау және орындау сатыларымен назар аударды.

Түрік қарулы күштері халық пен қауіпсіздік күштерін нысанаға алған террор шабуылдарын тойтару және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін БҰҰ келісімінің 51-ші бабы аясында халықаралық заңдардан туындаған заңды қорғаныс құқығы бағытында әуе операциясы жасалды.



Ұқсас жаңалықтар