"Евфрат өзенінің шығысына тыныштық орнатамыз"

Ердоған Түркияның қауіпсіздігіне байланысты тақырыптарға тоқталды.

1106912
"Евфрат өзенінің шығысына тыныштық орнатамыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда Евфрат өзенінің шығысындағы аймақтарға тыныштық пен сенім орнатуға табанды екендерін айтты.

Режеп Тайып Ердоған Стамбулда Долмабахче сарайында өткізілген Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше/ бақылаушы елдердің Атазаң және Жоғары соттары конференциясына қатысты.  Осында сөйлеген сөзінде президент: «Тел-Рыфаттан Африндегі әскерлерімізге бағытталған (кешегі) шабуыл біздің шешіміміздің қаншалықты дұрыс екенін көрсетті» деді.

Америка Құрама Штаттарына Манбидж жөнінде ескерту жасаған Ердоған: «Манбиджті тазаламасаңдар, ол жерге де барамыз» деді.

«Манбиж хикаясымен біздің назарымызды басқа жаққа аударуға, табандылығымызды бұзуға тырысады» деген президент «Сирияда басқан қадамдарымыз арқылы тек өз еліміздің қауіпсіздігін қамдап қана қоймаймыз. Үмбет пен барша адам баласының өмірін қорғаймыз» деді.

Президент Түркияның Евфрат өзенінің шығысындағы терроризммен күресуде жеткілікті түрде уақыт өткізіп алғанын,  бұдан былай бір күн кешігуге шыдам жетпейтінін атап көрсетті.  Ердоған Евфрат өзенінің шығысындағы террористтердің орталығы Синджар мен Караджак тауы аймақтарына кеше түнде жүргізілген операцияға байланысты: «Шекарамызға әрдайым қауіп төндіріп тұрған Синджар мен Махмурдың етегі Караджакқа операция жүргіздік, жалғасы болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар