Пойыз апатына орай лауазымдылар көңіл айтуда

Мемлекеттік лауазымдылар мен дипломатиялық өкілеттіктер Анкарадағы жүрдек пойыз апатына орай көңіл айтуда.

1106153
Пойыз апатына орай лауазымдылар көңіл айтуда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анкара-Кония бағытымен кетіп бара жатқан жолаушылар жүрдек пойызының бірдей темір жолы бойында екінші бағыттаушы пойызбен соқтығысуы салдарынан қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Министр Чавушоғлу Twitter арқылы жариялаған көңіл айту жолдамасында «Анкарада болған пойыз апатында қаза тапқан азаматтарымызға Алланың рақымшылығын тілейміз. Барлық туыс-тамырлары мен ұлтымызға көңіл айтып, жаралыларға шипа тілеймін» деді.

Әділет министрі Абдүлхамит Гүл мен Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой да құрбандардың жанұяларына көңіл айтты.

Пойыз апатында қаза тапқандар үшін бас қаладағы дипломатиялық қызметкерлерде қайғылы апатқа байланысты әлеуметтік медиа парақшаларынан көңіл айту хаттары жариялады.

АҚШ-тың Анкарадағы өкілетті елшілігінің ресми Twitter парақшасында жарияланған жолдамада «Бүгін Анкарада болған қайғылы пойыз апатында қаза тапқандар үшін шын жүректен Америка Құрама Штаттары атынан көңіл айтамыз. Осы үлкен қайғыны бөлісіп, жаралыларға шипа тілейміз» делінді.

Ұлыбританияның Анкарадағы өкілетті елшісі Доминик Чилкот әлеуметтік медиа арқылы мәлімдемесінде құрбандардың жақындары мен түрік халқына көңіл айтты.

Пәкістанның Анкарадағы өкілетті елшілігі ресми парақшасынан пойыз апаты жайлы хабарлап, құрбандардың туыс-тамырларына көңіл айтты.



Ұқсас жаңалықтар