Саудтық екі адамның ұсталуын талап етті

Осы азаматтардың журналисттің өлтірілуін жоспарлаушылар арасында болғаны жөнінде айғақтар бар.

1100884
Саудтық екі адамның ұсталуын талап етті

Стамбул бас прокуратурасы Джемал Хашхаджи қастандығында Сауд Арабиясынан екі адамның ұсталуына үкім берілуін талап етті.

Прокуратура қылмыстық іске қатысты таққа мұрагер Ханзада Бин Селманның бұрынғы кеңесшісі Сауд әл Хатани және Барлау қызметінің басшысының орынбасары Ахмет Асыри жөнінде ұстау үкімін сұрады.

Осы екі сауд азаматының журналисттің өлтірілуін жоспарлаушылар арасында болғаны жөнінде айғақтар бар.

Бас прокуратураның талабымен енді соттың үкім беруі күтілуде.

Саудтық журналист Джемал Хашхаджи 2 қазан күні Сауд Арабиясының Стамбулдағы бас консулдығында аяусыз өлтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар