Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысы аяқталды

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында жиналды.

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі жиналысы аяқталды

Жиналыстың артынан жасалған жазбаша мәлімдемеде кейбір елдердің жобасы ретінде террор ұйымдары Фетуллахшы террор ұйымы мен PKK/KCK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-ді террор ұйымы болып қабылдамауының терроризммен күреске үлкен зиян келтіргені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Сирия мен Иракта қоныстанған террор ұйымдарының болмысы себепті Түркияның оңтүстік шекарасына бағытталған қауіптерге қарсы азаматтардың жан мен мүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатты күрестің үздіксіз және тұрақтылықпен жалғастырылатынына назар аударылды.

Сирияда саяси шешімге ең үлкен қауіптің Евфрат өзенінің шығысындағы террорист құрылымдардан келгенін атап көрсеткен мәлімдемеде «Сирияда тұрақты бір шешім табу мақсатымен БҰҰ бақылауында жұмыс істейтін Атазаңы комитетінің тез арада құрылып, шешім үшін анықталған жол картасының іске қосылуының маңызына назар аударылып, осы үшін тараптарға ақылшыл және жылдам қозғалуы жөнінде шақыру жасалды. Сириядағы кезкелген бір заңсыздыққа рұқсат етілмейтіні және заңды қорғаныс құқының қолданылатыны атап көрсетілді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар