Түркиядан Азов теңіз дағдарысы мәлімдемесі

Түркия (Азов теңізінде) Украинаның кемелеріне оқ атылғаны және жаралылар бар екені жайлы тараған жаңалықтарға алаңдағанын білдірді.

Түркиядан Азов теңіз дағдарысы мәлімдемесі

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Азов теңізі мен Керчь бұғазындағы оқиғалардың қадағаланғаны атап көрсетілді.

«Украинаға тиесілі кемелерге шабуыл жасалғаны және жаралылар туралы жаңалықтарды күйзеліспен қарсы алдық» делінген мәлімдемеде «Қаратеңізге жағалас бір ел ретінде Керчь бұғазынан өтулерге тыйым салынбау керектігін ойлаймыз. Аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін бастамалардан бас тартып, халықаралық заңдарды құрметтеуге, сондай-ақ қызуды азайтып, тыныштық сақтауға шақырамыз» делінді.

Украина теңіз күштері қолбасшылығы Азов теңізінде орналасқан Керчь бұғазы маңында Ресей федералдық қауіпсіздік қызметіне (FSB) тиесілі шекара қауіпсіздігін бақылау қайығынан Украина соғыс кемелеріне оқ атылғанын, оқиғада екі адамның жарақат алғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар