Ердоған "Ресей мен Украинаны қарама-қарсы емес, қатар көруді қалаймыз"

Ердоған: "Ресей мен Украина халықтарының тарихи өткеніне қайтадан оралуының пайдалы болатынын ойлаудамыз"

1095854
Ердоған "Ресей мен Украинаны қарама-қарсы емес, қатар көруді қалаймыз"

 

Елбасы Режеп Таип Ердоған Ресей мен Украинаны қарама-қарсы күйде емес, қатар көруді қалайтындарын айтты.

Елбасы Ердоған өзі төраға болған Әділет және өркендеу партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде ұйымдастырылған топ жиналысында күн тәртіпке байланысты бағаландырулар жасады.

Баяндамасында Ресей мен Украина арасындағы дағдарысқа тоқталған Елбасы Ердоған бұл жағдайға алаңдап отырғанын атап көрсетті.   

Елбасы Ердоған "Екі елмен арамызда құрылған байланыстарды болашаққа жалғау үмітіміз бар. Қаратеңіздің бейбітшілік теңізіне тезірек айналуын тілейміз. Ресей мен Украинаның арасындағы дағдарысты диялог жолымен шешу ұсынысымызды қайталаймыз" деді.

Түркияның Ресей мен Украинаны қатар көруге разы болатынын білдірген Ердоған:     

"Ресей мен Украина халықтарының тарихи өткеніне қайтадан оралуының пайдалы болатынын ойлаудамыз" деп көрсетті.

25-қарашада Азоф теңізінде Орыс соғыс ұшақтары мен Украина соғыс ұшақтары қарама-қарсы келгені білдірілген, Ресей су айдынына кіргені пайымдауымен Ресейдің соғыс кемелері Украина соғыс кемелеріне киліккен болатын.

Украина Құрлық күштері қолбасшылығы Азоф теңізіндегі Креш Бұғазы төңірегінде Ресей Федерал Қауіпсіздік күштеріне қарасты шекара қауіпсіздік кемесінен Украина соғыс ұшақтарына оқ атылғанын және Украинаның 6 әскері жараланғанын білдірген,

кемелерді Орыс арнаулы күштері қолға түсіргенін хабарлаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар