Хулуси Акар Манбидж жайлы мәлімдеме жасады

Хулуси Акар Сирияның Идлиб аймағында процестің жоспарланғандай жалғасқанын айтты.

1069843
Хулуси Акар Манбидж жайлы мәлімдеме жасады

Хулуси Акар Сирияның Идлиб аймағында процестің жоспарланғандай жалғасқанын айтты.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияның Идлиб аймағында процестің жоспарланғандай жалғасқанын, Манбиджте болса Америка әскерлерімен таяуда ортақ әрекет жасайтынын айтты.

Хулуси Акар Президент Режеп Тайып Ердоған мен Румыния премьер-министрі Виорика Дэнчилэның президенттік сарайдағы ортақ баспасөз жиналысы қарсаңында журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Бір журналисттің 17 қыркүйекті Сочиде жасалған келісім аясында Идлибте құрылған қарусыздандырылған аймағынан ауыр қарулардың шегеру процесінің тамамдалуына байланысты бір сұраққа орай Акар «Жоспарланғандай жалғасуда. Уәделерімізді орындаймыз» деп жауап берді.

Түркия мен АҚШ Қарулы күштері тарапынан Манбиджте жасалатын ортақ әрекеттерге бағытталған ортақ жаттығудың тамамдалатынына байланысты бір сұраққа да Акар «Қысқа мерзім ішінде әскери жаттығулар тамамдалады» деді.


Этикеттер: #Америка , #Румыния , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар