Түрік соты тәуелсіз түрде үкім берді

Ердоған түрік сотының Брунсонмен байланысты үкімін тәуелсіз түрде бергенін білдірді.

1068517
Түрік соты тәуелсіз түрде үкім берді

Президент Режеп Тайып Ержоған түрік сотының америкалық христиан дін қызметкері Андреу Брунсонмен байланысты үкімін тәуелсіз түрде бергенін білдірді.

Ердоған Америка Құрама Штаттары Президенті Дональд Трампқа Твиттер парақшасы арқылы жауап берді.

Ердоған «Құрметті Президент, әрқашан атап өткенімдей түрік соты үкімді тәуелсіз түрде берді. АҚШ және Түркия екі одақтастың қарым-қатынастарының жалғасатынын үміт етемін. PKK, ДАИШ және FETÖ сынды террор ұйымдарына қарсы ортақ бір күрес жүргіземіз» деген сөздер қолданды.

АҚШ Президент Дональд Трамп та   «Оны қайтадан көру керемет болады. Жәрдем бергені үшін Президент Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтамын» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар