Сомали Түрік қызмет күші 186 жаңа тапкерді оқуға қабылдады

Сомали Түрік қызмет күші қолбасшылығы құрамында офицер мен унтер офицер дайындау оқу бағдарламасына 185 адам қабылданды.

1063942
Сомали Түрік қызмет күші 186 жаңа тапкерді оқуға қабылдады

Сомали Түрік қызмет күші қолбасшылығы құрамында қызмет көрсеткен офицер мен унтер офицер дайындау оқу бағдарламасына 185 адам қабылданды.

Түрік қарулы күштерінің шетелдегі ең үлкен әскери жаттықтыру орталығы ретінде Сомали Түрік қызмет күші қолбасшылығы жаңа әскери оқу бағдарламасы үшін талапкерлерін қабылдау жұмыстарын аяқтап, оқу жылын бастады.

Жаңа оқу жылына орай ұйымдастырылған рәсімде Сомали Қорғаныс министрі Хасан Али Мұхаммед, Сомали Қарулы күштер қолбасшысы Тахир Адем Ылми, Түркияның Сомалидегі өкілетті елшісі Олган Бекар, Оқу орталығының басшысы полковник Өмер Фарук және басқа да лауазымдылар қатысты.

Сомали Түрік қызмет күші қолбасшылығы тарапынан жүргізілген жұмыстар ішкі соғыс, ашаршылық және террор оқиғалары қауіп төндірген Сомалиде ел қауіпсіздігін қайтадан қамтамасыз ету жұмыстарының ең маңызды қадамдарының бірі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар