TRT World Forum аяқталды

«Бөлшектенген әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік жөнінде қайтадан ойлану» деп аталатын форум аяқталды.

1063046
TRT World Forum аяқталды

«Бөлшектенген әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік жөнінде қайтадан ойлану» деп аталатын форум аяқталды.

TRT бас директоры Ибрахим Ерен Өзекті мәдени, саяси, экономикалық және әлеуметтік проблемаларға ғаламдық шешім табу мақсатымен биыл екінші рет Стамбулда ұйымдастырылған TRT World Forum жөнінде мәлімдеме жасады. Ерен форумның табысты түрде аяқталғанын айтты.

Ибрахим Ерен осы табыстың артқы жағында Түркияның ұстанған белсенді саясатының болғанын білдіріп, форумда екі күн бойынша әлем мәселелерін талқылағандарын атап өтті.

Ибрахим Ерен TRT World-тың әрқашан жүйелі таралым жасағанын айтып, форумның табысты өткізілуінде күндіз түні демей жұмыс істеген TRT қызметкерлеріне алғыс айтты.

Бір жылдан бері дайындығы жүргізілген форумда 12 жабық, 10 ашық сессия өткізілді.

Форумда бүгінгі күннің ең өзекті ғаламдық проблемалары қолға алынады. Стамбулдағы форумға әлемнің түкпір-түкпірінен отандық және шетелдік 600-ден астам саясат қайраткері,  ғалым,  іскер, белсенді және журналистер жиналды.

Беташардан кейін «Әлем тәртіпте ме?», «Бірінші дүниежүзілік соғыстан беру өткен жүз жыл», «Еуроодақ пен проблемалары, «Жаһандық оңтүстіктің биіктеуі мен қақтығыс әлемінде әйелдердің басшылығы» атты төрт отырыс өткізілді.


Этикеттер: #TRT , #TRT World , #Стамбул

Ұқсас жаңалықтар