Түрік полиция күшінен Гамбияға оқу-жаттығу жәрдемі

Түрік полиция қызметкерлері Гамбиядағы полиция күштерін жаттықтыру үшін ел астанасы Банжулға барды.

1061316
Түрік полиция күшінен Гамбияға оқу-жаттығу жәрдемі

Түрік полиция бас дирекциясы қызметкерлерінен тұратын бір делегация Гамбиядағы полиция күштеріне оқу-жаттығу жәрдемі аясында ел астанасы Банжулға барды.

Гамбия Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) баспасөз мәлімдемешісі Эсса Бокар Сай Гамбияның келесі жылы Ислам ынтымақтастық саммитіне қонақжайлық жасайтынын және саммит дайындықтары аясында түрік полиция қызметкерлерінен тұратын бір делегацияның Гамбия полициясына оқу-жаттығу қызметі беру мақсатты елге келгенін мәлімдеді.

Мәлімдемеші Сай түрік делегациясының Гамбия Ішкі істер министрі Эбрима Мбалловға қоса жоғары лауазымдылар тарапынан қарсы алынғанын атап көрсетті.

Түркияның алдында Үлкен жиырмалық елдерінің халықаралық іс-шараларының қонақжайлығын жасағанын атап көрсеткен Эсса Бокар Сай Гамбияның Түркияның тәжірибелерінен пайдаланғысы келгенін жеткізді.

Сай «Түрік үкіметі тәуелсіздіктен бері Гамбияға жәрдемдерін жалғастыруда. Сол үшін қауіпсіздік және дипломатия тұрғысынан аймақты жақсы таниды» деді.

Гамбияға әртүрлі жәрдемдер жасаған Түркия мұның алдында ИЫҰ дайындықтары аясында Гамбия мемлекеттік теле-радио корпорациясына жабдықтау жәрдемі жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар