TRT World Forum басталды

Бөлшектенген әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік жөнінде қайтадан ойлану» деп аталатын форум Стамбулда өтіп жатыр.

1061328
TRT World Forum басталды

Өзекті мәдени, саяси, экономикалық және әлеуметтік проблемаларға ғаламдық шешім табу мақсатымен биыл екінші рет ұйымдастырылған TRT World Forum басталды.

«Бөлшектенген әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік жөнінде қайтадан ойлану» деп аталатын форум Стамбулда өтіп жатыр.

Бір жылдан бері дайындығы жүргізілген форумда 12 жабық, 10 ашық отырыс өткізіледі.

Форумда бүгінгі күннің ең өзекті ғаламдық проблемалары қолға алынады. Стамбулдағы форумға әлемнің түкпір-түкпірінен отандық және шетелдік 600-ден астам саясат қайраткері,  ғалым,  іскер, белсенді және журналистер жиналды.

 Форумның беташар баяндамаларын Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Бинали Йылдырым мен TRT бас директоры Ибрахим Ерен оқыды.

Беташардан кейін «Әлем тәртіпте ме?», «Бірінші дүниежүзілік соғыстан беру өткен жүз жыл», «Еуроодақ пен проблемалары, «Жаһандық оңтүстіктің биіктеуі мен қақтығыс әлемінде әйелдердің басшылығы» атты төрт отырыс өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар