Вице-президент Октай 18-ші Түрік тарих конгресіне қатысты

«Армян диаспорасына беріліп, түрік тезистеріне тыйым салған парламенттердің шешімдері құрметтелмейді» деді.

1060013
Вице-президент Октай 18-ші Түрік тарих конгресіне қатысты

Вице-президент Фуат Октай армян диаспорасына беріліп, түрік тезистеріне тыйым салған парламенттердің шешімдерін құрметтемейтіндерін атап көрсетті.

Вице-президент Фуат Октай Анкара Бештепе Миллет Конгресс және Мәдениет Орталығында 18-ші Түрік тарих конгресіне қатысып, бір баяндама жасады.

Баяндамасында негізгі армян қауесеттеріне назар аударған Октай «1915 жылғы оқиғалар арқылы тарихымызға дақ түсіргісі келгендер соншама талпынғанымен елімізге бұрынан дұшпандығы белгілі мемлекеттерден басқа елдердің қолдауын алған жоқ. Әсіресе 2015 жылдың алдында шоғырланған жала жабу акциялары, еліміздің ұстанымы, Түрік тарих қоғамы сияқты ресми мекемелеріміздің талпыныстары, дипломаттарымыздың қажымас қайратының арқасында теріске шығарылды» деді.

Түрік тарихының бір тұтас екенін атап көрсеткен Октай «Біздің ‘мұраны мойындамау’ және бұрынғы тарихымызды ‘реттеу енгізуші’ бір ұстаныммен бағалауға қажеттілігіміз жоқ. 2 мың 200 жылдық тарихымен, жеңістері және жеңілістерімен Түрік тарихы тұтас қабылданады. Көктүріктер де біздікі, Қарахандар да біздікі. Селшұқты да біздікі Османлы және Түркия Республикасы да» деді.

Октай «Армян диаспорасына беріліп, түрік тезистеріне тыйым салған парламенттердің шешімдерін құрметтемейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар