ТР Денсаулық сақтау министрлігіне халықаралық «жетістік» сыйлығы

БҰҰ Бас ғимаратында табыс етілген халықаралық "жетістік" сыйлығын президент Режеп Тайып Ердоған қабылдады.

1056788
ТР Денсаулық сақтау министрлігіне халықаралық «жетістік» сыйлығы

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Т.Р. Денсаулық сақтау министрлігіне халықаралық «жетістік» сыйлығын берді.

Ұйым директоры Тедрос Адханом «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу және бақылау» аясында халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне орай Т.Р. Денсаулық сақтау министрлігіне табыс етілген сыйлықты президент Режеп Тайып Ердоғанға ұсынды.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы БҰҰ Бас ғимаратында сыйлықты табыс ету рәсімі ұйымдастырды.

Рәсімге БҰҰ 73-ші Жалпы Кеңес отырыстары шеңберінде Нью-Йоркке барған президент Ердоғанның делегация құрамындағы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа да қатысты.



Ұқсас жаңалықтар