Ердоған және Мэй телефонмен әңгімелесті

Президент Режеп Тайып Ердоған және Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй екі жақты ынтымақтастық тақырыптарын қолға алды.

1038481
Ердоған және Мэй телефонмен әңгімелесті

Президент Режеп Тайып Ердоған және Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй телефонмен әңгімелесті.

Президенттік аппарат көздеріне қарағанда бүгін жүзеге асқан әңгіме барысында басшылар екі жақты ынтымақтастық және аймақтық тақырыптарда көзқарас алмасты.

Президент Ердоған және Ұлыбритания премьер-министрі Мэй екі жақты экономикалық және сауда ынтымақтастығы, екі жақты инвестицияларды одан да жетілдірудің маңызына назар аударды.

Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак пен ағылшын әріптесінің таяуда бас қосуы үшін шешім қабылдағаны, сондай-ақ басшылардың Идлиб тақырыбынан бастап, Сириядағы соңғы жаңалықтарды да қолға алғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар