Түркия Израильді айыптады

Түркия Израильдің қосымша жаңа тұрғын үйлер салуға байланысты шешімін айыптады.

1036915
Түркия Израильді айыптады

Түркия Израильдің заңсыз елді мекендерде қосымша жаңа тұрғын үйлер салуға байланысты шешімін айыптады.

Сыртқы істер министрлігінің жазбаша хабарламасында: «Израильдің басқыншылық астындағы Батыс Шерияда екі мыңнан астам жаңа тұрғын үй салынуына рұқсат беруін айыптаймыз» деп айтылды.

Хабарламада халықаралық құқық пен БҰҰ-ның қатысты қарарлары еленбей басылған осы қадамдардың бейбітшілік процесіне үлкен зиян келтіргені айтылды.

«Палестина халқының бас тартылмас құқықтарын аяққа таптайтын осындай шешімдерге қарсы шығу – құқықтық және ұждандық жағынан жауапкершілік.  Халықаралық қоғамды осы жауапкершілікті орындауға шақырамыз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар