Грекия әскерлері түрік балықшыларына шабуылдады

Грекия теңіз қорғаныс күштері түрік балықшы қайықтарына оқ атты.

1036297
Грекия әскерлері түрік балықшыларына шабуылдады

Айдын жағалауынан балық аулауға шыққан грек теңіз қорғаныс күштері қайығы балықшы қайықтарына оқ атты. Балықшы қайықтарының әйнектері сынды.

Оқиғаны ұялы телефонға түсірген балықшылар бұл жағдайдың жиі кездескенін атап көрсетті.

Дидим жағалауынан алдынғы күні балық аулауға шыққан түрік балықшылар Сисам аралына 6, Есек аралына 4 мил қашықтықта халықаралық теңіз айдынында торларын суға жайды.

Түрік балықшыларына жақындаған бір грек теңіз қауіпсіздік қайығындағы әскерлер қаруларымен қайықтарды нысанаға алды.

Балықшылар әскерлер шабуылдап жатқанда ұялы телефонның камерасына түсірді. Камерамен түсіріп жатқан әскерлер қаруларын түсірді.

Балықшылар тыйым салынған аймақта емес екендерін дәлелдеу үшін қайықтағы координацияны көрсеткен навигацияны да камераға түсірді.

Халықаралық теңіз айдынынан түрік теңіз айдынына кірген балықшыларға сөзбен қорлық осында да айқай-шумен жалғасты.

Бірдей аймақтағы екінші бір қайық болса грек әскерлерінің өзіне шабуылдағанын және олардың қарулы шабуылында қайықтың әйнектерінің сынғанын айтып, телефонның камерасымен түсіргенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар