Ердоған мен Макрон өзара ынтымақтастықты қолға алды

Президент Ердоған және Франция президенті Эммануэль Макрон телефонмен әңгімелесті.

1033760
Ердоған мен Макрон өзара ынтымақтастықты қолға алды

Президент Режеп Тайып Ердоған және Франция президенті Эммануэль Макрон телефонмен әңгімелесті. Телефонмен әңгімелесу сұранысы президент Макроннан келді.

Президент Режеп Тайып Ердоған және Франция президенті Эммануэль Макрон арасындағы әңгіме барысында екі жақты ынтымақтастық, күнделікті және аймақтық тақырыптар жайлы көзқарас алмасылды.

Екі басшы Франция-Түркия арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығы, екі жақты инвестицияларды арттыру тақырыптарының маңыздылығына назар аударды.

Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак пен француз әріптесінің қысқа уақытта басқосуына шешім қабылданған әңгіме барысында Франция президенті Макрон Түркияның экономикалық тұрақтылығының өздері үшін аса маңызды екенін атап көрсетті.

Басшылардың Идлиб тақырыбынан бастап, Сириядағы соңғы жаңалықтар тақырыбында көзқарас алмасқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар