Түркия АҚШ-қа бойкот жариялайды

Президент Ердоған Түркияның АҚШ-тың электрондық өнімдеріне бойкот жариялайтынын айтты.

1032057
Түркия АҚШ-қа бойкот жариялайды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның АҚШ-тың электрондық өнімдеріне бойкот жариялайтынын айтты.

Ердоған Саясат, экономика және қоғамдық зерттеулер фонды SETA тарапынан ұйымдастырылған «Биліктің 16 жылдығында Әділет және даму партиясы семпозиумында» сөз сөйледі.

АҚШ-тың санкция шешіміне тоқталған Ердоған: «Түркияға бағыттап ашық шабуыл жасап отыр» деді.

Президент экономикалық шабуылдарға қарсы барлық шараны қолданғандарын және қолданатындарын білдірді.

«Жұмысқа орналастыруда,  туризмде рекордтар жаңартылған кезеңдеміз.  Туризм секторы шыңына жетуде. Қауіпсіздік және тұрақтылықтың кепілі елге айналдық.  Бүгін елімізде әлемдегі ең мықты банк жүйелерінің бірі бар» деді ол.

Америка Құрама Штаттарының көптеген елге экономикалық соғыс жариялағанын атап көрсеткен Ердоған: «Елімізге бағытталып үлкен операция жүргізілуде» деді.

Ердоған Түркияның дамуын көре алмағандардың экономиканы қару ретінде қолданудан тайынбағандарын айтты.

Президент түрік азаматтарына валютасын түрік лирасына айырбастауға шақырды.  «АҚШ-тың электрондық өнімдеріне біз бойкот жариялаймыз. Осы аптада батыста,  халықаралық аренада көптеген кездесулер жүргіземіз. Байланыстарымыз жалғасуда,  батыстағы достарымызмен сөйлесіп жатырмыз.  Түркияда бас қосуға жұмыстанамыз, ұйымшылдығымызды осылай жалғастырамыз» деді ол.

 



Ұқсас жаңалықтар