Өкілетті елшілер конференциясы басталады

Өкілетті елшілердің 10-шы конференциясы бүгін басталады.

1031079
Өкілетті елшілер конференциясы басталады

Өкілетті елшілердің 10-шы конференциясы бүгін басталады.

Түркияның шетелдерде қызмет атқаратын елшілері Анкарада бас қосуда.

Конференция қарсаңында Сыртқы істер министрі Мевлұт Чавушоғлу Сыртқы істердің шейіттігіне барды.

Министр «Терроризм бәлесін жеңу үшін барлық күшімізбен күресіп жатырмыз» деді.

«Енді ешкімнің жаны қиналмау үшін терроризммен күресті террористтерді бөле жармай,  ынтымақтастықпен жүргізуіміз керек» деді ол.

Министр шейіттіктен кейін Аныткабир мавзолейіне барды.

Чавушоғлу конференцияның беташарында да сөз сөйлейді.

Конференция барысында биыл Президенттік үкімет жүйесінің орындалуы және жұмыс әдістеріндегі өзгерістер жөнінде мәлімет беріледі.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Словакия Сыртқы істер министрі Мирослав Лацак және Судан Сыртқы істер министрі Мұхаммед Ахмет конференцияға қонақ ретінде келеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайда өкілетті елшілерге қонағасы береді.

Конференцияның екінші сатысы Кония қаласында жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар