Түрік делегациясының Вашингтон байланыстары жалғасуда

Хеатер Науерт Түркиямен мәселелердің шешімі аясында келіссөздердің жалғасқанын білдірді.

1028620
Түрік делегациясының Вашингтон байланыстары жалғасуда

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хеатер Науерт Түркиямен мәселелердің шешіміне бағытталған келіссөздерді жалғастырғандарын білдірді.

Мәлімдемеші Науерт басшылығын сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өнал жасаған 9 адамнан тұратын түрік делегациясы мен АҚШ Сыртқы істер министрі орынбасары Джон Сулливан басшылығындағы АҚШ делегациясы арасындағы келіссөздер жайлы жазбаша мәлімдеме жасады.

Жасалған қысқа мәлімдемеде «Түрік лауазымдылармен қосымша келіссөздерді бастадық. Келіссөздер жалғасуда» делінді.

Науерт мәлімдемесінде «Сыртқы істер министрінің орынбасары Джон Сулливан Түрік сыртқы істер министрінің орынбасары өкілетті елші Седат Өналмен кездесті. Лауазымдылар дін қызметкері Брунсонға қоса, екі жақты ынтымақтастыққа қоса көптеген тақырыпты қолға алды» делінді.

Вашингтондағы байланыстары жалғасқан 9 адамнан тұратын түрік делегациясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Өнал басшылық жасауда.

Делегацияның АҚШ Сыртқы істер министрлігінде азанғы уақытта жасаған алғашқы кездесуі 50 минутқа созылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар