Министр Чавушоғлу ASEAN-ға мүше елдердің елшілерімен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт ASEAN елдері 51-ші Сыртқы істер министрлері жиналысы алдында өкілетті және төтенше елшілерімен Анкарада бас қосты.

1021948
Министр Чавушоғлу ASEAN-ға мүше елдердің елшілерімен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Оңтүстiк-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (ASEAN) 51-ші Сыртқы істер министрлері жиналысы алдында ASEAN елдерінің өкілетті және төтенше елшілерімен Анкарада бас қосты.

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда Чавушоғлу Филиппиндердің Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Мария Ровена Мендоза, Индонезияның өкілетті елшісі Вардана, Сингапурдың өкілетті елшісі А. Селверайах, Вьетнамның өкілетті елшісі Туан Пхам Анх, Малайзияның өкілетті елшісі Абд Разак ибн Абдул Вахаб, Бруней Даруссаламның өкілетті елшісі Мқхаммед Шафи ибн Хаджи Касым және Тайландтың өкілетті елшісі Пантипа Ламсудха Экорохидпен әңгімелесті.

Министр Чавушоғлу тақырыппен байланысты жеке твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемеде «Сингапурда ұйымдастырылатын ASEAN елдері 51-ші Сыртқы істер министрлері жиналысы алдында ASEAN елдері өкілетті елшілерімен Анкарада бас қостық. Уақыт өткен сайын жетілген және түрленген Түркия-ASEAN ынтымақтастығы жайлы көзқарас алмастық» деді.

Сингапурдың қонақжайлығымен 1-4 тамыз күндері арасында ұйымдастырылатын жиналысқа министр Чавушоғлу Түркия атынан қатысады.

ASEAN одақтың құрушы елдері Индонезия, Малайзия, Тайланд, Филиппиндер және Сингапурға қоса, Бруней Даруссалам, Вьетнам, Лаос, Мьянма және Камбоджамен барлығы 10 мүшесі бар.



Ұқсас жаңалықтар