Йылдырым Аныткабир ескерткішін зиярат етті

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым ұлы көсем Ататүріктің Аныткабир ескерткішін зиярат етті.

1014015
Йылдырым Аныткабир ескерткішін зиярат етті

Соңғы премьер-министр ретінде аты тарихқа жазылған Бинали Йылдырым Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы ретінде ұлы көсем Ататүріктің Аныткабир ескерткішін зиярат етті.

Республиканың құрушысы Ататүріктің құзырына шыққан Йылдырымға Анкара қала әкімі Мұстафа Туна да серік болды.

Йылдырым Гази Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Одан кейін Аныткабир арнайы дәптеріне қол таңбасын басқан Йылдырым мәлімдемесінде президенттік басқару жүйесінің табысты болатынын түсіндірді.

Йылдырым «Президенттік басқару жүйесінің табысты болуы үшін Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі өз міндетін атқарады және біз құлшына жұмыс істейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар