Ердоған Әзірбайжанға барды

Ердоғанды Әзірбайжан президенті  Илхам Әлиев салтанатты түрде қарсы алды.

1009637
Ердоған Әзірбайжанға барды
cumhurbaskani erdogan azerbaycan2.jpg
cumhurbaskani erdogan azerbaycan1.jpg

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжанға барды.

Ердоғанды Есенбоға әуежайында президент орынбасары Фуат Октай, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі уақытша төрағасы Дурмуш Йылмаз, Анкара губернаторы Ержан Топажа және кейбір бюрократтар жолға аттандырды.

Ердоғанды Әзірбайжан президенті  Илхам Әлиев салтанатты түрде қарсы алды. Одан кейін Ердоған мен Әлиев оңаша кездесті. Екі лидер оңаша кездесуден кейін делегациялар арасы кездесуге төрағалық жасады.

Президент Әлиевпен кездесуден бұрын Ердоған Әзірбайжанның бұрынғы президенті марқұм Гейдар Әлиевтің қабірі мен Түрік және Әзірбайжан шейіттігін зиярат етті.

Гейдар Әлиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойған Ердоған одан кейін Әлиевтің жұбайы Зарифе Әлиеваның қабіріне гүл шоқтарын қойды.

Ердоған Бакудағы сапарынан кейін Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барады.

 


Этикеттер: #Әзірбайжан , #Баку

Ұқсас жаңалықтар