Түркияда теміржол апатынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті

Арсланның мәлімдеуінше оқиға жауын-шашыннан топырақтың жұмсаруынан болған.

1008934
Түркияда теміржол апатынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті

Түркияда теміржол апатынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті.

Түркия батысындағы Текирдаг провинциясынының Шорлу ауданы маңындағы  жолаушы пойызының аударылуы салдарынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті.

Кеше түнде Түркияның Текирдаг провинциясының Чорлу ауданында Капикуле-Стамбул бағдарындағы, 362 жолаушысы, 6 теміржол қызметкері бар пойыздың рельстен шығып кеткен.

Денсаулық министрі Ахмет Демирджан пойыз апатынан кейін 124 жолаушының ауруханада емделіп жатқанын, 194 жолаушының болса емделіп, ауруханадан аман-есен шыққанын мәлімдеді.

Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан да пойыз жолындағы қажетті тексерулердің сәуір айында жасалғанын айтты.

Арсланның мәлімдеуінше оқиға жауын-шашыннан топырақтың жұмсаруынан болған.


Этикеттер: #теміржол , #қатынас

Ұқсас жаңалықтар