Президент Ердоғанды құттықтаулар жалғасуда

Президент Ердоғанға сайлаудағы жеңісі үшін кейбір басшылар құттықтау телефоны шалды.

1004450
Президент Ердоғанды құттықтаулар жалғасуда

Словения президенті Борут Пахор президент Ердоғанды 24 маусым күнгі президенттік сайлаудағы жеңісі үшін құттықтады.

Президенттік ақпарат көздеріне қарағанда Пахор президент Ердоғанға телефон шалып, 24 маусымдағы сайлау жеңісіне орай құттықтады.

Әңгіме барысында екі басшы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру тақырыбында келісті.

Президент Ердоған Ирактағы Сайрун коалициясы басшысы Муктеда әс Садр және Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі премьер-министрі Нечирван Барзанимен де бөлек әңгімелесті.

Әс-Садр мен Барзани де президент Ердоғанды сайлау жеңісімен құттықтаған басшылар болды.



Ұқсас жаңалықтар