Түрік муниципалитеттеріне "Еуропа Дипломатия" сыйлығы берілді

Еуропа Кеңесінде Еуропа Дипломатия сыйлықтары табыс етілді.

1002589
Түрік муниципалитеттеріне "Еуропа Дипломатия" сыйлығы берілді

Еуропа Кеңесі Анкараның Қаһраманқазан, Стамбулдың Шишли, Кырыкларелинің Лүлебургаз, Ахметбей, Балыкесирдің Едремит, Текирдағдың Сүлейманпаша муниципалитеттеріне «Еуропа дипломатия» сыйлығын берді.

Францияның Старсбург қаласындағы Еуропа Кеңесінде Еуропа Дипломатия сыйлықтары табыс етілді.

Еуропа сыйлығы комитетінің хоры концерт беріп, кеште сыйлық алуға лайықты деп табылған 14 муниципалитетке сыйлықтары табысталды.

1955 жылдан бері беріліп келе жатқан сыйлықтың биылғы иелері муниципалитеттердің халықаралық жобалары,  демократия түсінігі,  бауырлас қалалармен қатынастары,  қаладағы сәулет,  қоршаған орта,  әлеуметтік істер,  мәдениет және спорт саласындағы шараларына қарай таңдалады.

Еуропа Дипломатия сыйлығы осы салада ең беделді Еуропа сыйлығының бірінші сатысы деп есептеледі.

Осы салада Еуропа Құмет байрағы мен Еуропа Құрмет марапаты да беріледі.



Ұқсас жаңалықтар