НАТО бас хатшысы президент Ердоғанды құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған және НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг телефонмен әңгімелесті.

1001379
НАТО бас хатшысы президент Ердоғанды құттықтады

Президенттік аппарат көздеріне қарағанда, НАТО Бас хатшысы Столтенберг 24 маусымдағы сайлау жеңісі үшін президент Ердоғанды құттықтады.

Президент Ердоған Түркияның НАТО-ға уәдесін мықты түрде жалғастыратынын және қосқан үлесін артатынына назар аударды. Столтенберг болса Түркияның одақ құрамында маңызды бір ел екеніне назар аударды.

Президент Ердоған және НАТО Бас хатшысы Столтенберг шілде айында Белгияның бас қаласы Брюссельде өтетін НАТО саммитінің бетпе-бет әңгімелесу үшін жақсы бір мүмкіншілік екенін баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар