Калын BBC Лондон радиосына сұхбат берді

Калын үш террор ұйымымен бірдей уақытта күрескенін еске салды.

Калын BBC Лондон радиосына сұхбат берді

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын ағылшын BBC Лондон радиосына сұхбат берді. Калын сұхбатта бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның көзқарастарын күн тәртіпке әкелген ағылшын журналистіне  қатал наразылық көрсетті.

Ибрахим Калын Түркияның PKK, Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ және ДАИШ болып, үш террор ұйымымен бірдей уақытта күрескенін еске салды.

Террор қылмыстарынан ұсталған кейбір террор ұйымы мүшелерінің «журналист» деп қараудың қате екенін түсіндірді.

Ағылшын журналистіне «Сіз Диярбакырға бардыңыз ба?» деп сұрады.

Журналисттің «бармадым» деген жауабына орай Калын «Бұлар шындық оқиға емес, PKK пропагандасы болып табылады. Сізді Түркияға шақырымын. Диярбакырға келіңіз және аймақтағы шындықтарды PKK террор ұйымының көзімен емес, өз көзіңізбен көріңіз» деді.


Этикеттер: BBC , Лондон

Ұқсас жаңалықтар