Түркияның жүргізушісіз құрлық көлігі UKAP міндетке дайын

АСЕЛСАН-ның қару жүйесімен жабдықталған UKAP сынақтардан сүрінбей өтті.

985584
Түркияның жүргізушісіз құрлық көлігі UKAP міндетке дайын

Түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниядары Қорғаныс Өнеркәсібі мекемесінің координациясында қауіпсіздік күштеріне жаңа өнімдер ұсынуда.  Сонымен бірге өнімдерінің қабілетін арттыруды, күшіне күш қосуды да жалғастыруда.

Katmerciler компаниясы жетілдірген,  Әскери электроникалық өнеркәсіп АСЕЛСАН-ның қару жүйесімен жабдықталған UKAP сынақтардан сүрінбей өтті.

UKAP қиын сынақтардан өтіп, оперативтік міндет атқаратын деңгейге жетті.

Көлік енді алыстан басқару жүйесі арқылы ыстық қақтығыс алаңдарында міндет атқарады.

Түріктің жүргізушісіз әскери көлігі қауіпсіздік пункттерінде, қала ішінде немесе тысындағы әскери әрекеттерде әскери қызметкерлердің қауіпсіздігінің қорғалуына үлес қосатын болады.

UKAP қауіпсіздік күштерінің жүргізушісіз құрлық жүйесі мұқтаждығын қамдауда маңызды өнімдердің басында келеді.

Katmerciler UKAP-тың халықаралық нарықта таныстырылуы және осы саладағы ынтымақтастықтар үшін де жұмыстануда.

Компания Францияның бас қаласы Парижде 11-15 маусым күндері аралығында болатын Халықаралық Қорғаныс және қауіпсіздік көрмесіне қатысады.



Ұқсас жаңалықтар