Ердоған Лондондағы "Тәтті тіл форумында" сөз сөйледі

Ердоған Ұлыбританияның астанасы Лондонда ұйымдастырылған «Тәтті тіл форумында» баяндама жасады.

969924
Ердоған Лондондағы "Тәтті тіл форумында" сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлыбританияға барды.

Ердоған Ұлыбританияның астанасы Лондонда ұйымдастырылған «Тәтті тіл форумының» жабылуы бағдарламасына қатысып, баяндама жасады.  

Баяндамасында Түркия-Ұлыбритания қарым-қатынастарының 500 жылға тірелгенін түсіндірген Ердоған «Түркия-Ұлыбритания қарым-қатынастары әр салада дамуда және күшеюді. Қазір ынтымақтастығымыз маңызды бір белеске жетті. Бұл нәтижеге жетудің екі елде өткізілген референдумның да маңызды ықпалы бар» деді.  

Ердоған «Екі ел қарым-қатынастарының тіпті де күшеюіне себеп болған басқа бір маңызды жағдай болса Ұлыбританияның Фетуллахшы террор ұйымының 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін Түркияға көрсеткен шынайы тұғыры болып табылады. Ұлыбритания 15 шілдеден кейін шынайы достығын көрсетті» деген сөздер қолданды.

Баяндамасында террор ұйымы ДАИШ-тің Исламмен байланыстырудың қате екенін де баяндаған Ердоған «ДАИШ ең көп мұсылмандарға зардап шеккізді. ДАИШ  қанды қол қарақшы» деді.

        



Ұқсас жаңалықтар