Президенттік сайлаудың нақты үміткерлер тізімі жарияланды

Жоғары сайлау кеңесі (YSK) президенттік сайлау үшін нақты үміткерлер тізімін жариялады.

969562
Президенттік сайлаудың нақты үміткерлер тізімі жарияланды

Ресми газетте жарияланған YSK шешімінде 24 маусым күні өтетін президенттік және 27-ші кезең жалпы халықтық сайлауында орын алатын президенттік сайлау үміткерлерінің нақты тізімі жарияланды.

Президенттік сайлау тізімде орын алған үміткерлер:

- Әділет және Ұлтшыл қозғалыс партиясының ортақ үміткері, 1954 жылы 26 ақпан күні дүниеге келшен Мармара Университетінің түлегі Режеп Тайып Ердоған;

- Республикашыл халық партиясының үміткері, 1964 жылы 4 мамыр күні дүниеге келген Ұлыдағ Университетінің түлегі Мухаррем Индже;

-  Ийи партиясы төрайымы, 1956 жылы 18 шілде күні дүниеге келген Мармара Университетінің түлегі Мерал Акшенер;

- Халықтардың демократиялық партиясы үміткері, 1973 жылы 10 сәуір күні дүниеге келген Анкара Университетінің түлегі Селахаттин Демирташ;

- Саадет партиясы төрағасы, 1941 жылы 20 қыркүйек күні дүниеге келген Виктория Университетінің түлегі Темел Карамоллаоғлу;

 - Ватан партиясының төрағасы, 1942 17 маусым күні дүниеге келген Анкара Университетінің түлегі До,у Перинчек.



Ұқсас жаңалықтар