Боздағ ИЫҰ сыртқы істер министрлері жиналысына қатысты

Боздағ Ислам ынтымақтастық ұйымы дәнекерлік достары тобының құрылатынына да риза болғанын айтты.

Боздағ ИЫҰ сыртқы істер министрлері жиналысына қатысты

Премьер-министр орынбасары Бекир Боздағ Бангладеште Ислам ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері жиналысына қатысты.

Жиналыстың беташарында сөз сөйлеген Боздағ «Иерусалим Ислам әлемінің қызыл сызығы болып табылады. 2017 жылы  13 желтоқсан айында Стамбулда өткізілген Кезектен тыс Ислам саммиті Палестинаның астанасы ретінде Иерусалимнің мәртебесінің қорғалуы жөнінде халықаралық ұйымға жолдама жасаған болатын» деді.

Ислам ынтымақтастық ұйымының жұмыстарында реформа жасалуы тақырыбында Түркияның және Бангладештің қараша айында Стамбулда бір жиналыс өткізілуі туралы шешім жобасын ұсынғанын баяндаған Боздағ  барлық мүше елдерді осы жобаға қолдау көрсетуге шақырды.

Боздағ Ислам ынтымақтастық ұйымы дәнекерлік достары тобының құрылатынына да риза болғанын айтты.

Ливияда болған оқиғаларды еске салған Боздағ Ливия мемлекетінің бейбітшілігі және тұрақтылығына қолдау көрсетілуі керектігін түсіндірді.

Аракандық мұсылмандардың шеккен зұлматына назар аударған Боздағ Бангладештің осы тақырыпта шектеулі қайнарлары болуына қарамастан маңызды жауапкершілікті мойнына алғанын мәлімдеді.


Этикеттер: Бангладеш , Ливия

Ұқсас жаңалықтар