Бас штаб басқармасы төрағасы Пәкістанға барды

Армия генералы Хулуси Акар пәкістандық әріптесі генерал Зубаир Махмұд Хаятпен бас қосты.

963353
Бас штаб басқармасы төрағасы Пәкістанға барды

Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акар Пәкістан Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Зубаир Махмұд Хаятпен бас қосты.

Ресми сапармен Равалпиндидегі Акар сапарының алғашқы күнінде генерал Хаятпен бас қосып, баспасөзге жабық оңаша кездесті.

Пәкістан Бас штаб басқармасы жасаған мәлімдемеде Акар мен Хаяттың аймақтық тақырыптар, қауіпсіздік және әскери тақырыптарда ортақ жүргізетін жұмыстар жайлы көзқарас алмасқаны білдірілді.

Мәлімдемеде Хулуси Акардың Зубаир Махмұд Хаятты Пәкістан қарулы күштерін жетілдіру бағытында басқан қадамдар және террормен күрестегі табандылығы себепті құттықтағаны білдірілді.

Генерал Акар ертең де Пәкістан президенті Мемнун Хүсейин және премьер-министр Шахид Аббас Аббаси тарапынан қабылданады.

Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Акар Өзбекстан мен Оңтүстік Корея сапарлары аясында президент Режеп Тайып Ердоғанға серік болған еді.



Ұқсас жаңалықтар