Бингөлде екі террорист әйел залалсыздандырылды
Аймаққа F-16 ұшағымен әуеден соққы енгізілді.
955391
Бингөл акиматы хабарлама жариялап, Генч ауданы маңында пилотсыз ұшу аппаратымен бір топ террористтің анықталғанын білдірді. Артынан F-16 ұшағымен аймаққа әуеден соққы енгізілді.
Соққы енгізілген аймаққа артынан жандармерия тобы жолданып, іздеу жүргізілді. Іздеу барысында екі террористпен қақтығыс шықты. қақтығыс нәтижесінде екі әйел террорист өлтірілді.
Аймақта сонымен бірге көптеген қару-жарақ табылды.