Залалсыздандырылған террорист саны 4205-ке ұласты

Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында сөз сөйледі.

953278
Залалсыздандырылған террорист саны 4205-ке ұласты

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Африн аймағында залалсыздандырылған террорист санының 4205-ке ұласқанын айтты.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында сөз сөйледі.

Ердоған Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясы тарапынан Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясына тоқталды.

Баяндамасында террормен күресуді табандылықпен жалғастыратынын түсіндірген Ердоған «PKK-ға қарсы күресуіміз табанды түрде жалғасуда. Зәйтүн бұтағы операциясы басталған 20 қаңтар күнінен осы таңға дейін мемлекет ішінде 209, Ирактың солтүстігінде 341 жиыны 550 террорист өлтірілді. Афринде жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясында осы күннен бастап залалсыздандырылған террорист саны 4205-ке ұласты» деді.


Этикеттер: #Сирия , #операция

Ұқсас жаңалықтар