Дидим ауданы су айдынындағы байрақ орынан алынды

Йылдырым «Дидим ауданы су айдыны жартасына тігілген Грекия байрағы алынды» деді.

952533
Дидим ауданы су айдынындағы байрақ орынан алынды

Премьер-министр Бинали Йылдырым «Дидим ауданы су айдыны жартасына тігілген Грекия байрағы алынды» деді.

Бинали Йылдырым Стамбулда ұйымдастырылған «Реформадан бір жыл кейін президенттік билік жүйесі» атты сессиясына қатысты. Йылдырым сессиядан кейін журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Грекияға үндеу тастаған Йылдырым «Көршіміз Грекия Эгей теңізінде анда-санда дағдарысты арттырған әрекет жасауда. Дидим ауданы су айдындағы жартастарға Грекия байрағын тігу әрекеті болды. Жағажай қауіпсіздік топтарымыз тігілген Грекия байрағын алып тастады» деді.

Йылдырым «Көршіміз Грекияның дағдарысты арттыратын әрекеттер мен айтақтаушы қимылдардан аулақ болу керек» деді.


Этикеттер: #Грекия , #Стамбул

Ұқсас жаңалықтар