Түркиядай көп босқынға үй иелігін жасаған басқа бір ел жоқ

Burgeon «Түркиядай көп босқынға үй иелігін жасаған басқа бір ел жоқ» деді.

948067
Түркиядай көп босқынға үй иелігін жасаған басқа бір ел жоқ

Біріккен Ұлттар Ұйымы азық-түлік және егін шаруашылық ұйымы төтенше жағдай және реабилитация бөлімі директоры Dominique Burgeon «Түркияның сириялық босқындарға деген қонақжайлылығы мен талпыныстарын қабылдауымыз керек. Түркиядай көп босқынға үй иелігін жасаған басқа бір ел жоқ» деді.

Burgeon Түркияға жасаған сапары аясында Османиедегі сириялықтар үшін салына бастаған жылыжай алаңдарында тексеру жүргізді.

Жылыжайды қатты ұнатқандарын білдірген Burgeon «Басты нысанамыз адамдардың азық-түлік қауіпсіздігін және тұрмыс деңгейін көтеру. Бүгін осы жерге келуіміздің мақсаты да осы. Сириялық босқындармен бас қосып, олармен әңгімелестік. Бұдан бұрын Газиаптептегі лагерлерде де осындай тексеру жасаған едік. Осы тақырыпта үкімет лауазымдармен толық ынтымақтастық жасаудамыз» деді.

Түркияға келгеніне бір күн болуына қарамастан істелген жұмысты көргеннен кейін қатты әсерленгенін баяндаған Burgeon былай деді: «Түркияның сириялық босқындарға деген қонақжайлылығы мен талпыныстарын қабылдауымыз керек. Түркиядай көп босқынға үй иелігін жасаған басқа бір ел жоқ. Түркия мөлшермен 3,5 миллион босқынға үй иелігін жасауда. Осы тақырыпта әрі түрік үкіметі, әрі түрік халқымен ынтымақтастық жасаудамыз» деген сөздер қолданды.


Этикеттер: #Сирия , #босқын , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар