Террормен күрес жалғасады

Бинали Йылдырым террор қаупі жалғасқан жағдайда күресуден бас тартпайтынын айтты.

945558
Террормен күрес жалғасады

Премьер-министр Бинали Йылдырым террор қаупі жалғасқан жағдайда күресуден бас тартпайтынын айтты.

Йылдырым «Мейлі Манбидж болсын, мейлі Евфраттың шығысы болсын террор қаупі болған жағдайда біз күресуден бас тартпаймыз» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Монголияның астанасы Ұланбатырға аттанар қарсаңында Есенбоға әуежайында баспасөз жиналыс өткізді.

Йылдырым Франция президенті Эммануэль Макронның Сирияның Манбидж қаласына тағы 50 мың әскердің жіберілетіні жайлы пайымдау жөнінде «Біздің сезімталдығымыз белгілі. Мейлі Манбидж болсын, мейлі Евфраттың шығысы болсын террор қаупі болған жағдайда біз күресуден бас тартпаймыз. Күресімізді жалғастырамыз. Кімнің келгені онша маңызды емес» деген сөздер қолданды.


Этикеттер: #Франция , #Монголия

Ұқсас жаңалықтар