Армия генералі Зәйтүн бұтағы операциясын бағалады

Зәйтүн бұтағы операциясы халықаралық заңдар және террормен күрес негіздеріне сай жүргізілуде.

942292
Армия генералі Зәйтүн бұтағы операциясын бағалады

Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акар Түрік қарулы күштері тарапынан Сирияның Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы операциясының халықаралық заңдар және террормен күрес негіздеріне сай жүргізілгенін атап көрсетті.

Акар Хатайда Зәйтүн бұтағы операциясын бағалады.

Акар «Зәйтүн бұтағы операциясы аясында қолданған оқ-дәрілер мен қару-жарақтарға қоса, халықаралық заңдар және террормен күрес негіздеріне сай жүргізілуде. Операция барысындағы әр қимыл-әрекет әрі әскери, әрі гуманитарлық құндылықтар тұрғысынан басқа әлем мемлекеттеріне үлгілі жүргізіледі» деді.

Операция аясында тек қана террордың нысанаға алынғанына назар аударған Акар «Тек қана террористтер мен оларға тиесілі баспаналар, үңгірлер, бекіністер, қару, көлік және құралдар нысанаға алынады. Жазықсыз адамдар мен қоршаған орта, тарихи жәдігерлер және мәдени ғимараттар нысанаға алынбайды. Осылар Түрік қарулы күштері үшін қолсұғылмайтын құндылықтар» деді.



Ұқсас жаңалықтар