Африннің таулық аймағына қашқан террористтерге әуе операциясы жасалды
Түрік қарулы күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары Афринде таулық алаңға жасырынған террористтерге операция жасады.

Түрік қарулы күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары Сирияның Африн аймағындағы таулық алаңдарға жасырынған террор ұйымы YPG/PKK мүшелеріне операция жасады.
Африндегі Анадолы агенттігі (AA) тілшілерінің хабарына қарағанда Түрік қарулы күштері Африннің солтүстігіндегі Раджу ауданындағы таулық алаңда бір топ бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-лық террористті анықтады.
Соғыс ұшақтары таудағы нысаналарға әуе операциясы жасады.
Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы 18 наурыз күні Афринді террор ұйымынан тазалаған болатын.
Операциялар кезінде тауларға жасырынған YPG/PKK-лық террористтерге бағытталған іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Ұқсас жаңалықтар

Акар Мангумен кездесті
Хулуси Акар Экваторлық Гвинея президентінің орынбасары Теодоро Нгема Обианг Мангумен бас қосты.

Чавушоғлу Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды
Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу іс-сапарымен Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды.