Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысы аяқталды

Жиналыстың артынан жасалған мәлімдемеде террор ұйымы Сирияның Манбидж ауданынан шегінбеген жағдайда Түркияның инициатива қолданатыны атап көрсетілді.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жиналысы аяқталды

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінен Манбиджке операция сигналы.

Президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында жиналған Ұлттық қауіпсіздік кеңесі аяқталды.

Жиналыстың артынан жасалған жазбаша мәлімдемеде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG-ге мүше террористер басқыншылық астындағы Сирияның Манбидж ауданынан шегінбеген жағдайда Түркияның инициатива қолданатыны атап көрсетілді.

PKK/PYD-YPG Америка Құрама Штаттарының қолдауымен террор ұйымы ДАИШ сылтаымен аймаққа 2016 жылы жаз маусымында орналасты.

АҚШ ДАИШ-тің жеңілуінің артынан PKK/PYD-YPG-нің Манбиджтен шегінетіні жайлы Түркияға қайта қайта уде берілсе де, террористтер аймақта болмысын жалғастыруда.

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің декларациясында сондай-ақ Ирак мемлекетінің ұйымның Ирактағы жұмыстарының алдын алуы, әйтпесе керісінше Түркияның бұл жағдайды да қолға алатыны атап көрсетілді.

Грекияның жақсы көршілікке қарама-қайшы ұстанымының жіті қадағаланғаны білдірілген мәлімдемеде Түркияның мүдделерінен бас тартпайтыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар