Шанлыурфа шекарасындағы операцияда 23 террорист өлтірілді

Бас штаб басқармасы террормен күрес операцияларымен байланысты мәлімдеме жасады.

933867
Шанлыурфа шекарасындағы операцияда 23 террорист өлтірілді

Шанлыурфа бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға мүше 23 террорист өлтірілді. Бас штаб басқармасы террормен күрес операцияларымен байланысты мәлімдеме жасады.

Осыған қарағанда Шанлыурфаның Джейланпынар ауданында Шекара қауіпсіздік жасақтары қолбасшылығына PKK/PYD-YPG-лік террористердің қарулы және зымыранды шабуыл жасағанын, қауіпсіздік күштерінің қарсы шабуылында 23 террористің залалсыздандырылғанын атап көрсетті.

Ирактың солтүстігіндегі Кани Раш аймағында жасалған операцияларда көптеген ДШК оқ-дәрісі және бір генератор тәркіленді.

Мардиннің Даргечит ауданындағы іздестіру барысында бір баспананың ішінде «Zagros» деп аталған мерген қаруы, 4 калашников автоматы мен азық-түлік материалдары табылды.

Нусайбин ауданында болса Сириядағы баспанадан қашқан PKK/PYD-YPG-лік бір террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.



Ұқсас жаңалықтар