Премьер-министр Чанаккале жеңісі рәсіміне қатысты

Премьер-министр Йылдырым Түркияның ешбір елдің топырағында көзі жоқ екенін айтты.

932230
Премьер-министр Чанаккале жеңісі рәсіміне қатысты

Йылдырым 18 наурыз Чанаккале жеңісі және шәйіттерді еске алу күнінің 103 жылдығына орай ұйымдастырылған рәсімде 1915 жылы «Чанаккале өткел бермейді» деген сөзді бар әлемге мойындатқанын, шәйіттерді еске алып, Алладан рақымшылық тілегенін атап көрсетті.

Мұстафа Кемал Ататүріктен бастап бұл отанға қызмет еткендерге алғысын білдірген Йылдырым Чанаккаледе отаршыл және басқыншы күштерге қарсы жүргізілген күрестің әлем тарихында көптеген мемлекеттің азаттық күресіне де үлгі болғанын атап көрсетті.

Йылдырым Түркияның жаһандық және аймақтық дағдарыстарды шешуге бағытталған бейбітшіл ұстаным ортаға қойғанын, қашанда әрі қақтығыс, әрі дау-дамайға жақ болмағанын, асылдың «бейбітшілік екенін» атап көрсетті.

Түркияның халықаралық құқықтан туындаған заңдылығын қолдану арқылы террорға қарсы Сирияның Африн және Евфрат қалқаны аймағында Еркін Сирия армиясы мүшелерімен табысты бір операция жүргізгенін түсіндірген премьер-министр «Қауіпсіздік күштеріміздің террорға қарсы батылдық және табандылықпен жүргізгендері күрес әр нәрседен құнды. PKK, PYD, ДАИШ террор ұйымдарының әрі елімізге, әрі сириялық бауырларымызға бағытталған қысым мен зұлмат қысқа уақытта құдай қаласа жойылады. Бұл істі жартылай қалдыратынымызды ешкім ойламасын» деді.

Йылдырым Чанаккале жеңісінің қасиетті түрік ұлтына қарсы керемет бір сенім артқанын, сезімталдық қосқанын және Түркия үшін біріккен кезде әртүрлі қиыншылықтың артта қалдырылатынын көрсеткенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар