Йылдырым Әзірбайжанның астанасы Бакуде

Алиев бауырлас екі елдің әр саладағы қою ынтымақтастығын жалғастыратынын айтты.

930001
Йылдырым Әзірбайжанның астанасы Бакуде

Премьер-министр Бинали Йылдырым Низами Гянджеви халықаралық орталығы тарапынан ұйымдастырылған 6-шы Жаһандық Баку форумына қатысу Әзірбайжанға барды. Әзірбайжанда Йылдырым Әзірбайжанда президенті Илхам Алиев тарапынан қабылданды.

Кездесуде Түркия мен Әзірбайжанның әр салада және әр платформада бір-бірлерінің қасында болатыны баяндалды.

Премьер-министрлік қайнар көздерден алынған мағлұматқа қарағанда кездесуде дос және бауырлас Әзірбайжанмен жоғарғы деңгейдегі зияраттарды жалғастырудың маңызы тілге тиек етілді.

Осы аяда Қарабах мәселесіне ортақ көңіл бөлуі түсіндірілді. Баку-Тбилиси-Карс теміржолы және Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы (TANAP) секілді негізгі жобалардың қарым-қатынастарға, аймақ экономикасы мен тұрақтылыққа қосқан үлесі қолға алынды.

Президент Алиев болса, премьер-министр Бинали Йылдырымды Бакуде күтіп алуына бақытты сезінгенін, бауырлас екі елдің әр саладағы қою ынтымақтастығын жалғастыратынын айтты.


Этикеттер: #Әзірбайжан , #Баку

Ұқсас жаңалықтар