Президент мерекемен құттықтады

Президент Ердоған жыныстық жікшілдіктің барлық түріне қарсы екендерін айтты.

925244
Президент мерекемен құттықтады
erdogan yeşil ay.png

Президент Режеп Тайып Ердоған жыныстық жікшілдіктің барлық түріне қарсы екендерін айтты.

Ердоған 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күніне арнап құттықтау жариялады.

Отбасыдан бастап өмірдің әр сәтінде және әр алаңда сүйіспеншіліктері,  еңбектері және пидақорлықтарымен әлемді әрлеген әйелдерді мерекесімен құттықтаған Ердоған мемлекеттердің іргетасын қалаған,  Азаттық соғысының көрінбес қаһармандары,  Республика кезеңінде елдің жетістіктеріне елеулі үлес қосқан, тәуелсіздік пен болашаққа қауіп төндіргенге төтеп берген әйелдердің болашақты құруда да маңызды рол ойнауды жалғастыратынын білдірді.

«Әйел мен еркекті бір бүтіннің жартысы деп қабылдайтын бір өркениеттің мұрагерлері ретінде біз жыныстық жікшілдіктің барлық түріне қарсымыз» деді ол.  Президент адам абыройын елемейтін,  көптеген қайғы-қасіреттің жауаптысы болған бұрмаланған санаға қарсы күресті жүргізуге табанды екендерін де айтты.

Премьер-министр Бинали Йылдырым да 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күніне орай құттықтау жариялап, сүйіспеншілік,  пидақорлық,  күрес пен үміттің символы – әйелдерді құттықтады.

Әйелдердің қоғамда өзіне лайықты орнын алуының өркениетті бір қоғамның негізгі міндеттерінің бірі екеніне назар аударған Йылдырым әйелдердің тең құқықтарға ие болуының бүкіл әлемнің ортақ мәселесі екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар