Зәйтүн бұтағы әскери әрекеті жалғасуда

Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған террорист саны – 2940.

924384
Зәйтүн бұтағы әскери әрекеті жалғасуда

Түрік Қарулы күштері тарапынан Сирияның Африн аймағында жүргізіліп жатқан Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған террорист саны – 2940.

Бас штабтың хабарламасында Зәйтүн бұтағы әскери әрекеті аясында бүгін құрлық және әуе операцияларында террорлық ұйымдар PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тің тағы 62 террористі ықпалсыз жағдайға келтірілгені білдірілді.  Хабарламада операция басталған 20 қаңтар күнінен бері ықпалсыз жағдайға келтірілген террорист санының 2940 болғаны айтылды.

Хабарламаға қарағанда қазірге дейін барлығы 149 жер террористтерден алынды.  Бұлардың 119-ы ауыл,  30-ы стратегиялық деңгейдегі пункттер.



Ұқсас жаңалықтар